People

Antonina Georgievna Khripkova’s biography, net worth, fact, career, awards and life story

A.K.A.Antonina Khripkova
Was Biologist 
Scientist 
Physiologist 
From Russia 
Type Biology 
Science 
Genderfemale
Birth 19 February 1920
Death 15 October 2016
(aged 96 years)
Politics Communist Party of the Soviet Union

Антонина Георгиевна Хрипкова(19.02.1920 жылы туған,Орел облысы,Красная Заря ауданы) – кеңес педагогы. биология ғылымдарының докторы, профtссор. КСРО Педагогика ғылым академиясының толық мүшесі. 1943 жылдан КПСС мүшесі.

Өмірі

1941 жылы Дондағы Ростов педагогикалық институтының химия және биология факультетін бітірді. Хрипкова 1941-43 жылдары Чкалов облысының Андреев ауданында, Андреев селосы мектебінде орта мектеп мұғалімі және директоры, 1943-46 жылдары Дондағы Ростовтың Октябрь ауданында ВЛКСМ облыстық комитетінің хатшысы болды. 1947-49 жылдары Дондағы Ростовтың Орджоникидзе ауданының оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1951 жылы аспирантураны бітіргеннен кейін, 1968 жылға дейін Дондағы Ростов педагогикалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. 1969 жылдан КСРО Педагогика ҒА вице – президенті және 1974 жылдан КСРО Педагогика ғылым академиясының Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы ғылыми – зерттеу институтының докторы. Хрипкова өзінің ғылыми қызметінде педагогикалық маңызды проблемаларын зерттеумен шұғылданды. 100 – ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Ол КСРО кәсіподақтар 12 – сезъінде ВЦСПС – тің мүшелігіне сайланды (1959), 7 – сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты,1970 жылдан Кеңес әйелдері комитетінің мүшесі.

Сыйлықтары

  • Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Қолданылған әдебиет

  • Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 53 бет